18 Желтоқсан 2016, 22:33 1492 0 Спорт Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Головкин мен Джейкобс допинг сынамаларын тапсырады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жек алдында допинг-сынамаларын тапсырады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин мен Джейкобс VADA допинг-тестінен өтеді», — деп жазды твиттерде ESPN журналисі Дэн Рафаэль. Соңғы рет Г.Головкин 2015 жылы 17 қазанда канадалық Давид Лемьемен кездесу алдында Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (VADA) тексерісінен өткен.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер алда америкалық Дэниел Джейкобспен болатын жекпе-жектің билеттерінің бағасы қанша болатыны туралы болжамын айтты.

Алдын ала болжамдар бойынша билеттер алдағы жұмадан сатыла бастайды. Бағасы 100 бен 1000 доллардың аралығында. Аренаның 25 пайызы 100 доларлық билеттерге лайықталған»,-деп келтіреді Лефлердің сөзін ESPN тілшісі Дэн Рафаэль.

Соңғы жаңалықтар