Саябақта ән айтқан қырғыз келіншек Қазақстанға келетін болды (ВИДЕО)

Саябақта ән айтқан қырғыз келіншек Қазақстанға келетін болды (ВИДЕО)

Саябақта ән айтқан қырғыз келіншек Қазақстанға келетін болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Әйгілі канадалық әнші Селин Дионның әнін айтып, бір-ақ күнде танымал болған қырғыз келіншек Қазақстанда ұйымдастырылатын халықаралық ән байқауына қатысатын болды деп хабарлады turkystan.kz KAZ.NUR сайтына сілтеме жасап. Басылымның жазуынша, желіде «қырғызстандық Селин Дион» атанған Бегімай Тұрысбекова Сentral Asia’s Got Talent халықаралық байқауында бақ сынайды. Сондай-ақ, ол Қырғызстанның Қазақстандағы, Түркиядағы, Венгриядағы мәдени күндері аясында өнер көрсетеді. Бегімай Тұрысбекова бұған дейін БАҚ-қа берген сұхбатында музыкалық училищені бітіргенін, кейін Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне оқуға түскенін, алайда аяқтай алмай қалғанын айтқан болатын. Министрмен кездесуде ведомстводағылар оған ЖОО-да оқуын қайта жалғастыруына көмектесетінін айтты.