Жаңалықтар

Түркия университетінің делегациясы ҚазҰУ-де қонақ болды

ашық дереккөзі

Түркия университетінің делегациясы ҚазҰУ-де қонақ болды

Түркиядағы Ибн Халдун университетінің делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы сапармен келді деп хабарлады turkystan.kz. Құрметті меймандар қатарында Ибн Халдун университетінің ректоры, профессор Атилла Аркан, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, доктор Ирфан Гүндүз, төраға орынбасары Біләл Ердоған, халықаралық байланыстар бөлімінің директоры Енес Иалман және Гейдар Әлиев атындағы Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, профессор Яшар Сары бар.