«Атқарған жұмыстарым туралы мақтанып айтқым келмейді» - Жансұлтан Сапарбаев (ВИДЕО)

«Атқарған жұмыстарым туралы мақтанып айтқым келмейді» - Жансұлтан Сапарбаев (ВИДЕО)

«Атқарған жұмыстарым туралы мақтанып айтқым келмейді» - Жансұлтан Сапарбаев (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бұрынғы Жамбыл облысының әкімі, белгілі саясаткер Бердібек Сапарбаевтың ұлы, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев El-Orda YouTube арнасына берген сұхбатында жеке басына қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Журналист сұхбат барысында Сапарбаевтан белгілі саясаткердің ұлы бола тұра мемлекеттік құрылымда жұмыс істеу қалай екенін сұрады.
«Отбасымда маған артылған жауапкершілік пен қойылатын талап жоғары. Елдің алдында жүрген адамның ұлы болған соң қоғамның жіті назарында боласың. Әр қадамыңды аңдап басасың. Қатардағы қарапайым бала болсам, мұншалықты қиын болмас еді», - деді Жансұлтан Сапарбаев.
Сонымен қатар жас шенеунік қоғам назарынан тыс жүретініне қатысты сұраққа да жауап берді. Айтуынша, ол журналистерге көп сұхбат бермейтінін және  көпшілік алдына жиі шыға бермейтінін жеткізді.
«Мен өзімнің атқарған жұмыстарым туралы мақтанып айтып, жазып жүретін адамдар қатарынан емеспін. Керісінше, қызметімді барынша жақсы атқаруға тырысамын», - деп жауап берді Ж.Бердібекұлы.
Сондай-ақ Ақсұлу Санғали сұхбаттасушыдан мектеп бітірген соң шетелдік университетке бармай, неге отандық оқу орнына түстіңіз деген сұрақ қойды.
«Мен мектепті елордада бітірдім. Одан әрі білім алу мәселесі туралы сөз болғанда, әкем маған: «Балам, топас болсаң, Гарвард та саған көмектеспейді. Ал басыңда ми болса, кез келген жерде оқи аласың» деді. Сондықтан таңдауым Еуразия ұлттық университетіне түсті.  Ал мен бұған мүлдем өкінбеймін», - деді ол.