Доллар құны 470 теңгеге жетті

24 маусым, 2022 / Інжу Әлихан
ашық дереккөзі
Доллар құны 470 теңгеге жетті Қазақстандық KASE қор биржасында доллардың орташа бағамы 465,15 теңге болды деп хабарлады turkystan.kz.   Доллар құны 5,75 теңгеге өсті. Бұған дейін АҚШ валютасы 10,79 теңгеге қымбаттаған еді. Нұр-Сұлтанның екінші деңгейлі банктерінде валютаны сату бағасы – 472-477 теңге болса, сатып алу – 464-466 теңгенің айналасында.