Әуежайдың астынан мұнай табылды

Әуежайдың астынан мұнай табылды

Әуежайдың астынан мұнай табылды
ашық дереккөзі
Лондонда орналасқан «Gatwick» әуежайының аумағында мұнай қоры табылды. Осыған қатысты ақпаратты жариялаған UK Oil and Gas Investments компаниясының дерегіне сүйсенсек, табылған мұнай көлемі шамамен 1 шаршы мильге 100-158 млрд баррельді құрайды. Компания сарапшылары әуежай маңында көптеген нысандар орналасқандықтан, бұл жерден алынатын мұнайдың мөлшері аса көп болмайтындығын айтуда. Оның үстіне әуежай аумағындағы мұнайдың басым бөлігі 1 шақырымға жуық тереңдікте жатқан көрінеді. Ал UKOG басшысы С. Сандерсон бұл жаңалықты Ұлыбританияда табылған ең ірі олжаға балап отыр. Мекеме өкілінің айтуынша, бұл Ұлыбританиядағы құрлықтан табылған соңғы 30 жылдағы ең ірі «қара алтын» қоры. Жаңа кен орнындағы қор Солтүстік теңізде 50 жылда өндірілген мұнайдан да көп болып шықты. Компания басшылары: «Жер астындағы «қара алтынның» 15 пайызына дейін шығара аламыз, сонда 2030 жылға қарай Ұлыбританиядағы мұнай сұранысының 30 пайызын өтеуіміз мүмкін», - деп отыр.