Жаңалықтар

Желіде Талдықорған қаласы әкімінің қару ұстаған видеосы тарады (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Желіде Талдықорған қаласы әкімінің қару ұстаған видеосы тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың мылтықпен оқ атқан видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz.    Әкім БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтау мақсатында журналистер мен блогерлерді демалуға шақырып, нысанаға атудан жарыс ұйымдастырған. Бұл жағдайға қатысты қала әкімінің баспасөз қызметі өкілдері де түсініктеме берді. «Қала әкімі Әсет Масабаев БАҚ қызметкерлері арасында оқ атудан турнир өткізді. Бұл жерде сынайтындай ештеңе жоқ, БАҚ өкілдерінің демалысы болды. Әкім сонда барып, жергілікті журналистер мен блогерлерді құттықтады. Атыс арнайы аймақта өтті. Осындай іс-шаралар БАҚ-тың рухын, командалық күшін көтеру үшін қажет», - деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі өкілдері. Видео Instagram-дағы парақшаларда тарап, қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар Масабаевтың бастамасын қолдаса, енді бірі әкімге маңызды мәселелермен айналысу керек екенін айтқан.