Ел үмітін оятқан құрылтай

Ел үмітін оятқан құрылтай

Ел үмітін оятқан құрылтай
ашық дереккөзі
Өткен аптада жаңадан құрылған облыс Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. Бұған дейін құрылтайдың құ­қық­тық ста­тусы, негізгі мін­дет­­тері мен оған мүше азаматтар ту­ралы ақпар беріп, халық­тың, құ­рыл­­­­тайға мүше азаматтардың үміт кү­­тіп отырғаны туралы жазған едік. Жиын­да құрыл­тайдың мәні мен маңы­зын, функция­сын жұртшы­лық­қа нақтырақ түсіндіру керек екені ай­­тылды. Енді Ұлттық құрылтай ха­­­­­лық­қа не береді, таратылған Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінен айыр­ма­шылығы неде, оның идеологиялық мә­ні қандай деген сұрақ­тарды қам­тып көрелік. Құрылтайда қандай мәселелер көтерілді? Ұлттық құрылтай жал­пы­ха­лық­тық диалог платформа­сы­на айналуға тиіс екені, осылайша тари­хымыздағы дала де­мок­ратиясы дәс­түрі, Ұлытау, Ордабасы мен Күл­тө­­бедегі келелі кеңестер жаңғыра­ты­ны тура­лы әу баста айтылған еді. Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесі тара­ты­лып, орнына Ұлттық құрылтай құ­рылады дегеннен-ақ оның маңыз­­ды мәселелерді талқылау үшін тұ­рақ­ты түрде шақырылып отыратыны ай­тылды. Яғни, сенім кеңесінің жұ­мысы одан әрі кеңей­тілген түрде жал­ға­сып, тың бастамалар кө­теріледі, мәр­тебесі де жоғары болады. Құра­­мы­на белгілі қоғам қайраткерлері, өн­діріс және ауыл шаруашылығы са­лаларында ең­бек ететін азаматтар, кә­сіпкерлер және бас­қа да қоғам бел­сенділері шақырылатыны, одан бө­лек аймақтағы қоғамдық кеңес­тер­дің атынан кем дегенде бір адам мү­ше болатыны сол кезден белгілі бол­ды. Осы арқылы ха­лық­тың билік­ке жетпей жатқан базынасы мен та­лап-тілегі тегіс тыңдалады деген үміт бар. Енді екінші құрылтай жиы­ны түгел түркінің алтын бесігі Түр­кі­станда өтпек. Одан бөлек, жиында Респуб­ли­ка күніне ұлттық мереке мәр­тебесі қайтарылатыны айтылды. Ал Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақ­талады. Дегенмен бұл күн тәуел­сіз­дік алуға зор үлес қосқан ұлттық ба­тырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек деген шешім жария етілді. Жаңа Қазақстанды құру сол жол­дағы негізгі бағыт қан­дай болуы керек деген мәселеден бас­тап, тіл, дін, руханият салалары тү­гел қамтылды. Жалпыұлттық бір­лікті нығайту, реформалардың мән-маңызын халыққа түсіндіру, жаңа тех­нологиялар арқылы халықты ау­­қымды реформаларға қатыстыру сияқ­ты бастамалар айтылды. Бұдан кейін ел бірлігін бекітіп, та­тулықты, бейбітшілікті ны­ғай­татын, шынайы халықшыл Ұлт­тық құрылтай болатынына сенім біл­дірген Мемлекет басшысы: – Құрылтайға Парламент де­пу­тат­­тары, саяси партиялар мен Қазақ­стан халқы Ассамблеясының мү­ше­лері де шақырылды. Үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың өкілдері де шет қалған жоқ. Құрылтай құрамына өңір­лік қоғамдық кеңестердің мү­ше­лерін қостық. Мен, Ұлттық құрылтай аты­на заты сай болып, ел үмітін ақ­тай­ды деп сенемін. Бізде түрлі пікір­та­лас алаңдары бар, бірақ құрыл­тай­дың орны бір бөлек. Құрылтай – кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек, – де­ді. Ұлттық құрылтайдың қазіргі құра­мында Мәжіліс депутат­тары мен ҚХА мүшелерінен, азамат­тық қоғам мен саяси партия өкіл­дері­нен, сарапшылар мен өңірлердегі қо­ғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіп­кер­лерден жасақталған 117 адам бар. Жал­пы тұңғыш құрылтайға қатыс­қан­дар мазмұны жағынан маңызды бол­ғанын айтады. Онда айтылған ұсы­ныстарды құрылтайдың хат­шы­лы­ғы жинақтап, Президенттің өзіне тапсырмақ. Ұлттық құрылтай соңында Мұх­тар Шахановқа «Қазақ­стан­­­­­ның Еңбек Ері» атағы берілді. Ұлттық құрылтайдан кейін Мем­ле­­кеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлт­тық құрылтай негізге алатын үш құн­дылықты атады. Олар бірқатар идео­логиялық тұжырымды қамтиды. – Бірінші ой – біздің мем­ле­кет­ті­гіміздің тарихы тым тереңде. Ал­тын Ордадан бастау алып, Қазақ хан­­дығы дәуірінде қалыптасты. Ала­­­­шорда кезеңінде жалғасып, тәуел­­сіз Қазақстан тұсында қайта жаң­ғырды. Екінші ой – ұлтты ұйысу­ға үндеу. Құрылтайдың бірінші оты­ры­сы Ұлытауда өтті. Екінші жиын Түр­кістанда болады. Мұнда барша ха­лықты бірлікке шақырған идео­ло­гиялық ой бар. Үшінші ой – мемлекет мүд­десі бәрінен биік. Республика кү­нін қайта жаңғыртып, оған ұлттық ме­реке мәртебесінің берілуі – тәуел­сіз­дік идеясы мен мемлекеттік құн­ды­лықтарды берік орнықтыра түсуге ба­ғытталған. Осы үш құндылық, атап айт­қанда біздің мемлекетіміздің та­ри­хи тамыры тереңде екенін таныту, ұлтты ұйысуға үндеу, мемлекет мүд­десін бәрінен биік қою жаңа қо­ғам­дық шартты қалыптастыру кезінде біздің ең басты бағдарымыз болады, – деп түсіндірді. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстар мен бастамалар ай­тылған күйі қалмайды, сол мә­се­ленің бағытына байланысты мем­ле­кет­тік органдар, қоғамдық бірлестік­тер­ге жолданады. Жауапты органдар олар­ды қарап, шара қабылдап, жұ­мыс нә­тижесі туралы мәліметті құ­рыл­тай мү­шелеріне белгіленген тәр­тіппен жол­дайды. Құрылтайдың жұ­мысы, онда айтылған, қаралған, тал­қылан­ған мәселелер бұқаралық ақ­парат құрал­дарында жарияланып отырады. Алғашқы отырыстан кейін нақ­ты­лана түскен құрылымның бағыт-бағ­­дары туралы құрылтай мүшесі Айдос Сарымның пікірін білген едік. Айдос САРЫМ, Ұлттық құрылтай мүшесі: Құрылтай – бастамалардың мәнін халыққа жеткізетін саяси-идеологиялық құрал
– Құрылтайдың мақсат-мін­дет­тері Президенттің Жарлығында то­лық анықталған сияқты. Дегенмен қо­ғамда «Құрылтай деген осылай болуы керек еді» деген сияқты дау­рық­па әңгімелер жоқ емес. Меніңше, ең алдымен мынаны түсініп алу керек: құрылтай –Президенттік платформа, яғни Пре­зи­денттің бағыт-бағдарын, «Жаңа Қа­­зақстан», «Екінші республика» де­ген сияқты стратегиялық бағдар­ла­ма­ларын қолдайтын топтардың, күштердің бірігетін, топтасатын жері. Екіншіден, Президенттің осы ре­­­формаларды атқаруға байланысты сая­си, идеологиялық, қоғамдық шта­бы сияқты ұйым. Онда тек қоғамды біріктіретін, топтастыру, ұйымдас­тыру тұрғысындағы үлкен мәселелер қа­растырылады. Ал экономика, бас­қа дейтін болсақ, Президенттің жа­нын­да да, Үкіметтің аясында да көп­теген ұйым бар. Үшіншіден, оның құрамы тұрақты түрде жаңартылып отыратыны айтылды. Заманның үде­рісіне, өзгерістерге қарай, мәселен қо­­ғамда жаңа тақырып, мәселе туын­дауы мүмкін, жаңа топтар пайда болуы мүмкін. Соларды қатарға қо­су­ға мүмкіндігі бар. Сондықтан оны Пар­ламентке балама ұйым деп айту­ға келмейді. Керісінше, қайта құрыл­тай­да үлкен мәселелер айтылады. Оның ішінде аймақтардың, пар­тия­лардың өкілдері бар, үлкен стра­те­гия­лық, яғни 5-10-20 жылдық мә­се­лелерді талқылап, соны Парламент ар­қылы заңдастыруға болады. Со­ны­мен қатар Президентке аймақтардан ақ­парат алу үшін, сол жақтағы күр­делі үдерістерден хабардар болу үшін құрылған консультативтік ұйым. Ал одан бұрын болған Қоғамдық се­нім кеңесі қанша дегенмен кәсіби дайындығы бар, әр саланың сарап­шы­ларынан құралған ұйым болатын. Көтерілген мәселелері де ауқымды еді. Тіпті, осы болып жатқан конс­ти­туция­лық өзгерістерге да ықпал ет­кен, құжаттарының әзірленуіне де тіке­лей араласқан, атсалысқан ұйым бол­ды. Референдумнан кейін Пре­зи­дент өзінің саяси мандатын жаңарт­ты деуге болады. Халықтың толық­қан­ды Президент айтқан рефор­маларды қолдайтынына көз жеткізді. Се­нім кеңесінің мүшелері де құрыл­тайға мүше болып отыр, әрине кәсіби дайын­дықтың аты – кәсіби дайын­дық, дегенмен кейде қоғамдағы үдеріс­тер ескеріл­мей қалып жатады. Президент қоғамдағы ақпарат легін кө­бейткісі келеді. Құрылтайға мүше аза­маттар елде болып жатқан ре­фор­ма­ларды ха­лыққа барынша жеткізіп, тү­сіндіруге тырысуға тиіс екені ай­тылды. Мә­селен, мен құрылтайда тек ірі-ірі мәселелерді қарау керек деген ұсыныс айт­қан едім. Мәселен, жаңа өзгерістерге бай­ланысты елдегі барлық әкім сайланатын болады, тек 20-сы, облыс әкімдері мен мегаполис әкім­дері жанама тәсілмен сайланбақ. Мұның өзі жергілікті жердегі би­ліктің табиғаты өзгереді деген сөз. Ал табиғатының өзгеруі салықтық, бюд­жеттік қарым-қатынастарды реттеуі қа­жет. Соған байланысты жақын ара­дағы жиынның бірі жергілікті жердегі өзін-өзі басқару, жергілікті мемлекеттік басқару тәртібі қандай бол­мақ, сайлаушылар мен әкімдердің қа­тынасы қандай болуы керек деген сияқ­ты мәселелерге арналуы керек. Со­ның бәрін жіті талқылап, бола­шақ­тағы заңнамаға өзгерістер енгізу­ге атсалысу – міндет. Аймақтағы аза­маттарды жинап, пікірлерін тың­дау керек. Осының бәрін қорытып, бір модельге жинақтап, Үкіметке, Пар­ламентке ұсынуға болады деп ой­лаймын. Ең бастысы – ақпарат алу. Осылайша, болашақта құрыл­тай­дың күн тәртібі жергілік­ті жерден, ауыл-аймақтан басталып, ұсыныс ретінде түсіп жатса немесе ке­рі­сінше, Ұлттық құрылтайда тал­қы­ланған мәселелер ауыл-аймаққа же­тіп жат­са деген ниет бар. Яғни, құрыл­тай күн тәртібіне шығарылып отыр­ған мә­селенің мазмұнын, қара­пайым халыққа не беретінін түсін­ді­ретін, жеткізетін саяси-идеологиялық құрал деуге әбден болады.
Қорыта айтқанда, Ұлттық құрыл­тай ұлтты ұйыстыратын, халықты бірік­тіретін, қоғамдық келісімді қа­лыптастыратын ұтымды тетікке айналады деген сенім бар. Алғашқы жиын құрылтайдың жалпы жұмыс тәртібін, мақсаты мен міндетін бағ­дарлайтын, бағытын нақтылайтын отырыс болды. Алдағы жиындар ке­лелі шешім қабылдауға ықпал ете­ді, Жаңа Қазақстанды құру үшін қоғамды жұдырықтай жұмылдыруға ықпал ететін идеологиялық құрал бо­лады деп үміттенеміз.