Иван Дычко аргентиналық боксшыны жеңді
Иван Дычко аргентиналық боксшыны жеңді
Қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен бокс кешінде өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) кездесті. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептеліп, соңына дейін созылды.
Иван Дычко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол кәсіпқой бокстағы 12-інші жеңісіне қол жеткізді.
Еске сала кетейік, Дычконың бұған дейінгі жекпе-жегі былтыр желтоқсан айында өткен. Ол ресейлік 45 жастағы Александр Устиновпен (36-6-1, 27 КО) жұдырықтасып, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал Кевин Эспиндола осы жылдың сәуір айында рингке шығып, жерлесі Науэль Паласиостадан (1-7, 0 КО) басым түскен.