Павлодарда балаларды құтқармақ болғандар суға батып кетті

Павлодарда балаларды құтқармақ болғандар суға батып кетті

Павлодарда балаларды құтқармақ болғандар суға батып кетті
ашық дереккөзі
23 маусымда Павлодар облысында балаларды құтқармақшы болған екі ер адам суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz.
«23 маусым сағат 15.52-де Павлодар облысы ТЖД «112» пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр көлінде жабдықталмаған жерде ер адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 2008 жылы туылған қыз бала мен 2013 жылы туылған ұл баланы құтқару кезінде Қарағанды облысында тұратын 1978 ж.т. және 1986 ж.т. ер адам суға батып кетті», - делінген Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметінде.
Балаларды жедел медициналық жәрдем Баянауыл ауылының аудандық ауруханасына жеткізді. Балалардың жағдайы тұрақты. Сағат 19:00-де іздеуге шыққан Екібастұз қаласының құтқарушы-сүңгуірлері 39 минуттан соң екі ер адамның денесін шығарып алған. Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушы, 1 техника  және 1 жүзу құралы, «102», «103» қызметтері жұмылдырылды.