Ақтауда балалы әйелді сыммен қылғындырған екі қарақшы іздестіріліп жатыр

Ақтауда балалы әйелді сыммен қылғындырған екі қарақшы іздестіріліп жатыр

Ақтауда балалы әйелді сыммен қылғындырған екі қарақшы іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі

Ақтауда белгісіз екі адам баласы бар әйелдің үйіне баса-көктеп кірген. Көршілердің айтуынша, зардап шеккен келіншекті қаскөйлер сыммен қылғындыруға тырысқан  деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 22 маусым күні қаскөйлер әйелге өз пәтерінде шабуыл жасаған.

«Екі белгісіз адам көршіні тонап кетті. Ол үйде кішкентай баламен жалғыз отырған, шабуыл кезінде күйеуі жұмыста болды. Есігіне құлып салынбаған пәтерге кірген қаскөйлер әйелді сыммен тұншықтырып, қинап, үйді тонап кетті. Құдайға шүкір, әйел тірі қалды», – деді жәбірленушінің көршілері.
Бұған қатысты пікір білдірген Маңғыстау облыстық Полиция департаменті 22 маусым күні сағат 15.25-те кезекші бөлімге пәтерді тонауға қатысты қоңырау түскенін хабарлады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барып, жағдаймен танысқан. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.