Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанда өтіп жатқан ITF W25 жарысының жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Гөзал үндістандық Зил Десаимен бірге ширек финалда таиландтықтар Луксика Кумхум - Пеангтарн Плипуекпен ойнауы керек еді. Әйтсе де олар кортқа шықпай қалды. Алғашқы айналымда қазақстандық-үндістандық жұп жергілікті теннисшілерді тізе бүктірді - 6:1, 6:0. Г.Айнитдинова мен З.Десайдың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 434-орында келеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Истборн турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық теннисші Сербиядағы ширек финалға шықты.