Мұрат Әбенов "Пришельцы в ауле" фильмін көрмеуге кеңес берді

Мұрат Әбенов "Пришельцы в ауле" фильмін көрмеуге кеңес берді

Мұрат Әбенов "Пришельцы в ауле" фильмін көрмеуге кеңес берді
ашық дереккөзі

Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов отандық "Пришельцы в ауле" фильмін сынға алды. Facebook-тегі парақшасында ол һанайы көріністері бар киноға балаларды апармау керегін ескертті.

"Пришельцы в ауле" картинасын кино деп айту қиын. Баруға кеңес бермеймін, әсіресе, балалармен. Мен бұған дейін қазақстандық кинематографтарының туындыларын үнемі қолдап отырамын. Тіпті онша шықпай жатса да, сәл ұшқын көрсем, соны қолдауға тырысамын. Ешқандай сын айтпай-ақ көшірмелерді де көре беремін. Жаттықсын, үйренсін. Олар жас болған соң, түсіністікпен қарайтынмын. Бірақ мынадай "фильмді" бірінші рет көруім. Сценарий деңгейі қарадүрсін. Актерлер тіпті ойнауға тырыспайды да. Көшеден жинап алып келген актерлер сияқты. Мәтіндері де кездейсоқ жазыла салғандай. Қарабайырлығы сонша, мектеп сағатына арнап тұрмыстық камераға түсіре салғандай. Ең сорақысы - оны отбасылық комедия деп атағандығында, оған 12 жастағы балаларды кіргізе береді. Солай бола тұра, онда боқтық сөздер ұшырасады немесе оны алмастырған",  -деді ол. Оның айтуынша, онда біртүрлі кадрлар (малдармен жасалған іс-әрекеттер) кездеседі. Осылайша, ол бұл киноға балаларды мүлдем апармауға шақырды. Оның бұл сынына фильмның режиссері жауап берді. Бекзат Әлімбаев оның бұл пікірімен келіспей, оны бұл фильмді көрместен орынсыз сын айтты деп айыптады. "Мен бұл картинаның авторы ретінде сізбен мүлдем келіспеймін. Сіздің сөзіңізге қарағанда сіз фильмді мүлдем көрмеген сияқтысыз. Фильмде есірткімен де, алкогольмен де ешқандай іс-әрекеттер жоқ. Боқауыз сөз мүлдем жоқ. Бұл фильмге қанша күш салынғанын білесіз бе?", - деп өз наразылығын білдірді ол.