Қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде «Gold Company LTD» қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz.   Сот үкімімен сотталушылар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлы деп танылды. Олар Ресей азаматтары П.Литвиненко 12 жылға, Ю.Москвин 9 жылға, және Ақтөбе қаласының тұрғыны Р. Қазыбаевқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Олар салымшыларға келтірген шығынды өтеуге тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сот барысында белгілі болғандай, қаржылық компания салымшыларға ақшаны канадалық фирмаға инвестициялап жатырмыз деп сендірген. Алданып, сан соғып қалғандар пирамидаға  шамамен 10 млрд теңгеден астам қаржысын салған. Тек Ақтөбенің ғана емес, сондай-ақ Шымкент, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен қалаларының тұрғындары да ақша салған. Халық арасында «Голд» аталып кеткен қаржылық ұйымның басы-қасында жүргендерді полицейлер 2020 жылы қамауға алған еді.