Инсультке ұшыраған науқастардың 15 пайызы қайтыс болады
Инсультке ұшыраған науқастардың 15 пайызы қайтыс болады
Атырау облыстық ауруханасына қарасты нейро-инсульттік орталыққа түскен 1 300 науқастың 15 пайызы көз жұмған деп хабарлады turkystan.kz
Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникацилар қызметінде өткен брифингте нейро-инсульттік орталықтың меңгерушісі Марта Исмаилова мәлімдеді.
Бүгінгі таңда науқастарды емдеп, оларды қатарға қосу мақсатында арнайы нейромультидисциплинарлық орталық жұмыс істейді. Оның құрамында неврапатолог, физиотерапевт, логопед, психолог және медбикелер бар.
«Инсульт алған адамды орталыққа 4 сағат ішінде жедел жеткізсе, оны құтқарып қалуға мүмкіндік бар. Сондықтан оның алғашқы белгілері байқала бастаған кезде уақыт жоғалтпау керек. Инсультті фаст-тест арқылы ерте анықтаймыз», - деді дәрігер.
Бүгінде нейро-инсульттік орталықта аурудың бұл түрін емдеуде жаңа екі тәсіл қолданылады. Олар: тромболитикалық және тромбтық экстракция. Оның алғашқысында тромбты ерітеді, ал екншісінде хирургиялық жолмен емдейді.
Айта кетсек, елімізде жылына 40 мың адам инсульт алады.