Назарбаев мектебіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді
Назарбаев мектебіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті бас сарапшысы Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынышты деп санайтынын көріп отырмыз. Осы орайда, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның толық дербестігін қамтамасыз ететін арнайы заң бар екенін еске салғымыз келеді. Яғни, НЗМ мектептері Оқу-ағарту министрлігіне бағынбайды. Сәйкесінше, тілдер бөлінісінде квота бөлу, сыныптарды жабдықтау, жаңа мектептер ашу мәселелерін министрлік емес, Қамқоршылық кеңесі шешеді. Түсіндіретін бір ғана мәселе бар. Дәлірек айтқанда, министр гранттарды тағайындау жөніндегі комиссияның төрағасы, алайда оның сыныптарға қабылдау, сыныптарды жинақтау және оны ашу саясатын анықтауға құқығы жоқ. Сондықтан төраға қызметі қайта қаралады. Негізгі шешімдерді қабылдайтын адамдар конкурс комиссиясына төрағалық етуі керек», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті бас сарапшысы Ерлан Маяемиров.
Еске салсақ, Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дау шыққанын жазған болатынбыз. «Өркен» бағдарламасы аясында оқуға тапсырған балалардың ата-анасы қазақ және орыс тобына бөлінген гранттар әділ бөлінбегенін айтып шу шығарған болатын. Олар бұны қазақ тілінде оқитын балаларды алалау деп есептейді.