Жаңалықтар

Асқар Мамин сотқа куәгер ретінде шақырылды

ашық дереккөзі

Асқар Мамин сотқа куәгер ретінде шақырылды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сотында бірқатар лауазымды тұлға куәлік ететін болды. Олардың арасында экс-премьер Асқар Мамин де бар деп хабарлады turkystan.kz. Елжан Біртанов сотта өтінім жасап, куә ретінде Дүниежүзілік банктің өкілі Бақытбек Жұмаділді, осы банктің қоғамдық денсаулық сақтау бойынша сарапшысы Марсело Бортманды, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусинді, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы, вице-премьер Ералы Тоғжановты және экс-премьер Асқар Маминді сотқа куә ретінде шақыруды сұрады. Сот оның өтінімін қабылдады.