Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғары көтерілді

ашық дереккөзі

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғары көтерілді

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) жаңартылған рейтингті жариялады. Аталған рейтингте Қазақстан құрамасы 11 сатыға көтерілді деп хабарлады turkystan.kz.    Жаңа рейтингте Қазақстан құрамасы 125-орыннан 114-орынға жоғарылады. Еске салсақ, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы маусым айында төрт ойын өткізді. Оның үшеуінде біздің құрама жеңіске жетсе (Әзербайжан (2:0), Словкия (1:0), 2:1), біреуінде тең түскен болатын. (Беларусь (1:1). ФИФА рейтингі. 23 маусым 2022 жыл: Бразилия – 1838 ұпай Бельгия – 1822 Аргентина – 1771 Франция – 1765 Англия – 1737 Испания – 1717 Италия – 1714 Нидерланд – 1680 Португалия – 1679 Дания – 1665 … Словакия – 1440 Беларусь – 1227 Сьерра-Леоне – 1168 Қазақстан – 1166 Гвинея-Бисау – 1165 Әзербайжан – 1127 … Сан-Марино – 764.