Жаңалықтар

Тұрар Рысқұлов ауданында диқандар егінді жинауға кірісті

ашық дереккөзі

Тұрар Рысқұлов ауданында диқандар егінді жинауға кірісті

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының диқандары алқаптардан өнім жинауға кірісті деп хабарлады turkystan.kz аудан әкімінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап. Аймақта алғашқы болып егінге орақ салған «Ернар» және «Мақпал» шаруа қожалықтары бітік өскен масақты дақылдардан жиналған биылғы дәнді жинап алуға кірісті. Алғашқы орақ салу шарасына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысып, астықтың мол болуына тілектестік білдірді.  «Егіншілік – ежелгі кәсіп, еңбекшіге – нәсіп» дегендей, биылғы жиын-терім науқаны мерзімінен кешікпей басталды. Ендігі міндет орылған дәнді қамбаға жинап, игілікке жарату болып тұр», - деді аудан әкімі.