ШҚО-да халықаралық ақындар айтысы өтеді

ШҚО-да халықаралық ақындар айтысы өтеді

ШҚО-да халықаралық ақындар айтысы өтеді
ашық дереккөзі
1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында халықаралық «Алтайдай жер қайда?!» ақындар айтысы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, алғаш рет өтетін халықаралық айтыстың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге. Бас жүлде – 5 миллион теңге. Халқымыздың ұлттық құндылығына айналған өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қырғызстаннан келген таңдаулы ақындар қатысады. Елімізден Ринат Заитов, Бекарыс Шойбеков, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров және тағы басқа от ауызды, орақ тілді 16 ақын бақ сынайды. Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді. Ақындардың өнеріне Ұлықбек Есдаулет, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Ахметбек, Кәмел Жүністегі және Серік Құсанбаев қазылық етіп, бағасын береді.
«Сайыс екі кезеңнен тұрады – іріктеу және финал. Бас жүлде – 5 миллион теңге, бірінші орын – 2 миллион теңге, екінші орын (екі екінші) – 2 миллион теңге, үшінші орын (екі үшінші) – 1 миллион теңгеден, сондай-ақ арнайы сыйлықтар бар», - делінген хабарламада.