Мүфтият электронды кітапханасын іске қосты

Мүфтият электронды кітапханасын іске қосты

Мүфтият электронды кітапханасын іске қосты
ашық дереккөзі
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы электронды кітапханасын іске қосты деп хабарлады turkystan.kz басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Мүфтият ресми сайтының қосымшасы ретінде жұмыс істейді. ҚМДБ ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Серікбол Хасанның түсіндіруінше, электронды кітапхана «Кітаптар», «Басылымдар», «Құжаттар», «Ғылыми жұмыстар», «Сөздіктер» және өзге де бірнеше айдарға бөлінген.
«Кітаптар» айдарында «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптар, қазақша және орысша діни кітаптар орналасқан. Ал «Басылымдар» айдарынан оқырмандар «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының әр жылдардағы сандарының PDF нұсқасымен таныса алады», - делінген хабарламада.
«Электронды кітапхана» жобасы ҚМДБ тарапынан мақұлданған кітаптарды жинақтай отырып, цифрландыру әрі жүйелеу мақсатында жүзеге асырылды. Діни кітаптар базасы жинақталған жоба қарапайым оқырмандар үшін де, дін қызметкерлері үшін де қолжетімді.