Сенат волонтерлік қызметке қатысты заңды қабылдады

Сенат волонтерлік қызметке қатысты заңды қабылдады

Сенат волонтерлік қызметке қатысты заңды қабылдады
ашық дереккөзі
Парламент депутаттары волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға арналған заңды қабылдады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң бірқатар қоғамдық қатынасты реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіретінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Осы заң арқылы азаматтардың қайырымдылық пен волонтерлікке жүйелі негізде қатысуын ынталандыру көзделген. Сондай-ақ бұл құжат осындай әлеуметтік пайдалы қызметпен айналысу мәдениетін дамыту үшін қолайлы құқықтық орта қалыптастырады. Заңда гранттық қаржыландыру процесінің ашықтығын, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін және олардың тұрақты дамуын арттыруға арналған нормалар бар. Сонымен қатар халыққа дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық шешімдер белгіленген. Алдағы уақытта бұл Заң елімізде қайырымдылық пен волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Сенат Төрағасы.