Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан халқына көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан халқына көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан халқына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны мыңнан асты. Осы төтенше оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көңіл айтты деп хабарлады turkystan.kz.
 «Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз. Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз», - деп жазды ведомство.
Еске салсақ, жергілікті билік өкілі құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері елдің шекарасынан 500 шақырымнан астам қашықтықта сезілді. Соның ішінде Пәкістан мен Үндістан бар. Тағы оқи отырыңыз: Ауғанстанда жер сілкінісінен 250 адам қаза болды