«Ұнаса да, ұнамаса да баға көтеріледі» – министр

«Ұнаса да, ұнамаса да баға көтеріледі» – министр

«Ұнаса да, ұнамаса да баға көтеріледі» – министр
ашық дереккөзі
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасының көтерілуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Министр әлемде акциялар бағасының өсуіне байланысты импортқа тәуелді өнімдердің құны өсетінін айтты.
«Мысалы, қант, бұл жерде ұнаса да, ұнамаса да бағасы көтеріледі. Біздің жеткізушілеріміздің бірі (Ресей) әкелуді шектегендіктен, әрине, бұл әсер етеді. Доллардың өзі өсуде, еуро өсуде», – деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.
Еске салайық, сарапшылардың бағалауынша, елімізде қант бағасының жыл сайынғы өсуі 60,5%-ды құрады. 22 маусымда Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, әсіресе қанттың қымбаттауына наразы болды. Мәжілісмен халық арасында осыдан төрт ай бұрын басталған қант дауы әлі де басылмай тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының одан әрі өсуі халық арасында үлкен наразылық тудыруы мүмкін.
Бұған қатысты «Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерінің тапшылығы жоқ», – деп мәлімдеген Сауда және интеграция министрі .