ШҚО-да электронды темекіге арналған капсулалар өртелді

ШҚО-да электронды темекіге арналған капсулалар өртелді

ШҚО-да электронды темекіге арналған капсулалар өртелді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында Бақты бекетіндегі кедендік бақылау қызметкерлері бір реттік темекіге арналған 10 000 капсуланы тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz мемлекеттік Кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы облысының кәсіпкері оны сату мақсатында тауарды таңбалаусыз тасымалдаған. Салмағы 70 келі болатын өнімнің жалпы сомасы 60 мың теңгені құрайды. Электрондық темекіге арналған капсулалардың иесі жауапкершіліктен жалтарған. Сол себепті тәркіленген тауарлар қоқыс полигонында өртелді.
«Бұл тауарлардың адам денсаулығына зияны көп. Маусым айында бұл өнімдердің нарыққа түспеуі үшін Үржар ауданы әкімдігінің келісімімен қоқыс алаңында өртеу тәсілімен көзін жойдық», - деді Облыстық мемлекеттік Кірістер департаменті басшысының орынбасары Ержан Ктанов.