Статистика: елдегі қартаю индексі өсуде

Статистика: елдегі қартаю индексі өсуде

Статистика: елдегі қартаю индексі өсуде
ашық дереккөзі
Қазақстанда қартаю индексі артып жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметінде айтылған деп хабарлады turkystan.kz. 2021 жылы өңірлерде халықтың қартаю индексі 26,6 болған. Бұл елімізде 0-15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 26,6 азамат келеді деген сөз. 2017 жылы бұл көрсеткіш 25,9 деңгейінде болған. Ауылдық жерлермен салыстырғанда қалаларда қартаю деңгейі жоғары – 28,7. 2019-2020 жылдар аралығында қала индексі 29,1 деңгейінде бағаланды.
«Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Ондағы индекс – 66,5. Ең жас қала Шымкент болды, яғни 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 адам келеді. Елорда тұрғындары да салыстырмалы түрде жас. Астана индексі – 17,3. Ауыл тұрғындарының қартаю индексі қала көрсеткішінен 4,9 тармаққа (23,9) төмен. Көрсеткіш бес жыл ішінде шамалы өзгерді. 2017 жылы 100 балаға 22,4 ересек адам келді», – делінген хабарламада.