Жаңалықтар

Томирис Байсафаның ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

ашық дереккөзі

Томирис Байсафаның ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Сот Мәскеуде көз жұмған қазақ қызы Томирис Байсафаның ісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы қыздың анасы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Жанна Ахметова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын айтқан. Енді сотқа дейін екі жақтың пікірсайыс өткізуі ғана қалған. 2022 жылдың ақпанында Томирис Байсафаның өліміне қатысты сот басты айыпталушы Муртузали Меджидовтың келмеуіне байланысты кейінге қалдырылған. Еске салсақ, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды. Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді. 2021 жылдың шілдесінде Мәскеудегі алқабилер соты Муртузали Меджидовті ақтап алды. Қайтыс болған студенттің анасының шағымдары мен қоғам наразылығынан кейін ақтау үкімінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.