БҚО-да 8 жасар бала мен қария іздестірілуде

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары көлде жоғалған ер адам мен баланы тікұшақпен іздестіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 маусым күні Шалқар көлінде болған. Үрленетін матраста отырған 8 жасар баланы жел көлдің ортасына алып кеткен. Оны құтқарамын деп 1957 жылғы атасы ұмтылған.

Атасы мен немересін іздеуге Шалқар көліндегі құтқару бекетінен 5 адам бір қайықпен шыққан, бірақ бұл нәтиже бермеген.

«Содан кейін іздестіру жұмыстарына «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ ұшағы қосылды. Сағат 23.00-де ер адамды құтқарушылар мен туыстары тапты, жағдайы қанағаттанарлық. Баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button