Ақтөбеде оқушы қыз өз анасын өлтірген
Ақтөбеде оқушы қыз өз анасын өлтірген
Ақтөбеде өз анасын өлтірген оқушы қыздың ісі сотқа жолданды. Онымен бірге осы қылмыс үшін колледж студенті де жауап беретін болады деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл қанды оқиға осыдан бір жарым ай бұрын болған. Тергеу кезінде оқушы мен студент кінәларын бірден мойындаған. 16 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірген соң, жігітімен бірге анасының мәйітін балконға шығарып тастаған. Мәйіт сол жерде бірнеше күн бойы жатқан.
Анасын өлтірген қыздың жасы 16-ға толса да, мектептің 5-сыныбын биыл ғана бітірген. Бұрын бастауышта оқып, сабағын тастап кеткен. Тек былтыр ғана партаға қайта отырған. Жастардың мұндай жауыздыққа не үшін барғанын прокурорлар ашып айтпады.
«16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісі жасақталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыптаушылар қылмысты жасағаннан бірнеше күн өткеннен кейін ғана хабарлағаны анықталды. Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді», – деді Алматы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әсел Өтенова.