Әлем чемпионаты: Қазақстан Бразилиядан басым түсті

Әлем чемпионаты: Қазақстан Бразилиядан басым түсті

Әлем чемпионаты: Қазақстан Бразилиядан басым түсті
ашық дереккөзі
Дүбірлі додада су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилиядан басым түсті деп хабарлады turkystan.kz. Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатыр. Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасуда. Бүгінгі кездесуде отандық спортшылар жинақы өнер көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 10:6 есебімен қапы қалдырды. Бұл топтағы Австралия Жаңа Зеландиядан 11:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық қыздар алғашқы кездесуінде Австралиядан 6:19 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 24 маусымда Жаңа Зеландиямен ойнайды. Сондай-ақ әлем чемпионатында D тобында еліміздің ерлер құрамасы Австралия, Сербия, АҚШ құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Жігіттер алғашқы ойында Австралияға 4:10 есебімен есе жіберді. Енді ерлер құрамасы 23 маусымда АҚШ-пен кездессе, 25 маусымда Сербияға қарсы ойнайды.