Жаңалықтар

Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

ашық дереккөзі

Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық орталығында Ашық есік күні өтеді деп хабарлады turkystan.kz. 25 маусымда Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық орталығында ісік алды аурулары мен бүйрек обырын ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді. Іс-шара ұйымдастырушы - Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы. «Келушілер Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың онкоурологтарынан тегін кеңес ала алады. 18 жастан асқан пациенттерді Көпбейінді хирургия орталығының онкоурология бөлімінің жетекші дәрігерлері қабылдайды», - делінген хабарламада. Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлік және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындысы болуы қажет.