Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов ұсталды

Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов ұсталды

Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов ұсталды
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділманов билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.