Н.Назарбаев: Арманың барда оны жүзеге асыратын күш те табылады

Н.Назарбаев: Арманың барда оны жүзеге асыратын күш те табылады

Н.Назарбаев: Арманың барда оны жүзеге асыратын күш те табылады
ашық дереккөзі
 
"Хабар" телеарнасының арнайы бағдарламасына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін баяндап, өзінің бақытты саясаткер екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ
«Билікке жол тартқан кез келген саясаткер, әсіресе елде ең жоғары билікті қалайтын адам өз жоспарларын анық білуі тиіс, не істегісі келетінін, халқын қандай шыңдарға жеткізгісі келетінін ойлану керек. Егер ол ойын жүзеге асыра алса, бақытты саясатер болғаны, мен дәл сондай саясаткер екенімді жасырмаймын. Сол үшін тағдырыма және менімен бірге жұмыс істегендерге алғыс білдіремін", - деп ағынан жарылды президент. Президент қандай арманы бар екенін де айтып берді. «Жеткен жетістіктеріңе қуана отырып, болашақ туралы ойланасың: жетістікті қалай нығайта түсуге болады, Тәуелсіздік эпопеясы қалай жалғасын табады, жаңа шыңдарды қалай бағындырамыз. Біз жаңа шыңды белгілеп қойдық - әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына ену... Бұл арман... Арманың барда, оны жүзеге асыратын күш те табылады. Біз сол арманды жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз. Біз заманауи талаптардың деңгейіне өзгелерден қалыспай қалай жетеміз деген сауалға мен қатты алаңдаймын. Алайда осы 25 жылда қалай күш салсақ, алдағы уақытта дәл сондай күш жұмсасақ - бірлесе, сеніммен, достықпен - біз бәріне де қол жеткіземіз", - дед Президент.