ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті

ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті

ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті
ашық дереккөзі
22 маусым Шығыс Қазақстандағы Серебрянск қаласының маңында жүк пойызы рельстен шығып кетті деп хабарлады turkystan.kz өңірдегі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көкжиек-Күмістау темір жол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді» делінген ақпаратта.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ.