Бибісара Асаубаева Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті

Бибісара Асаубаева Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті

Бибісара Асаубаева Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті
ашық дереккөзі
Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан Президентінен қандай сыйлық алғанын көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Спортшы Мемлекет басшысынан алған сыйлығын фотоға түсіріп, Instagram-дағы парақшасына жүктеді.  width= «44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар келеді. Аталмыш додада біз де бақ сынаймыз. Жарысқа қатысудағы мақсат – жеңіс тұғырынан көріну. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бізге сенім білдіргеніңізге мың алғыс», –  деді Бибісара Асаубаева. Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және Шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті. Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов қатысты. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қазақстан әйелдер құрамасына алдағы уақытта Үндістанның Ченнаи қаласында өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәттілік тіледі.