Бибісара Асаубаева Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті
Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан Президентінен қандай сыйлық алғанын көрсетті деп хабарлады turkystan.kz
Спортшы Мемлекет басшысынан алған сыйлығын фотоға түсіріп, Instagram-дағы парақшасына жүктеді.
«44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар келеді. Аталмыш додада біз де бақ сынаймыз. Жарысқа қатысудағы мақсат – жеңіс тұғырынан көріну. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бізге сенім білдіргеніңізге мың алғыс», – деді Бибісара Асаубаева.
Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және Шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті. Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер – Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов қатысты.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қазақстан әйелдер құрамасына алдағы уақытта Үндістанның Ченнаи қаласында өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәттілік тіледі.