Оралда 2 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кете жаздады

Оралда 2 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кете жаздады

Оралда 2 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кете жаздады
ашық дереккөзі
Оралда сегізінші қабаттағы ашық терезеден қарап тұрған 2,5 жастағы бала құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz БҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға бүгін Құрманғазы көшесі 33 мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйде болған. ТЖД мамандарына шақырту сағат 10:52-де түскен.
«2019 жылғы бала үйде жалғыз қалған. Көрші әйел есікті ашайын десе, бала жылап, ашық тұрған терезеге жүгірген, сосын құтқарушыларды шақырған. Бала терезе мен балконнан қарап тұрған. Оны шошытып алмау үшін құтқарушылар төбеден балкон арқылы түсіп, баланы құтқарып қалды. Содан кейін келген анасының қолына тапсырған. БҚО ТЖ департаменті ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керегін еске салады» деп хабарлады ведомстводан.