БҚО-да нан бағасы қымбаттады
БҚО-да нан бағасы қымбаттады
Батыс Қазақстан облысында нан бағасы өткен айда қымбаттаған. Осы айда құны тағы көтеріліп, 200 теңгеге жетті деп хабарлады turkystan.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
«Котов» ЖК наубайханасының қызметкерлері жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы бүгіннен бастап көтерілгенін айтты. Бағаның қымбаттауы ұн, сары май мен қанттың қымбаттауына байланысты болып отыр.
Қаладағы наубайханалардың бірінің басқарушысы барлық кондитер өнімінің бағасы тағы 20 теңгеге қымбаттағанын атап өтті. Сол себепті дүкендерде жоғары сұрыпты бір бөлке нан бағасы 200 теңгеге көтерілген.
«Жоғары сұрыпты ұнның бір келісі 170 теңгеден болса, қазір 190 теңге тұрады. Нанға қосылатын барлық қоспа да қымбаттады. Баға осымен шектелмеуі мүмкін, өйткені өзімізде ештеңе өндірілмейді. Қант шығармаймыз, ұн көрші Ресейден де қымбат, ал рубль өсіп жатыр. Егер өз ұнымыздан нан пісірсек, бір бөлке 250 теңге тұрар еді», - деді сату менеджері.