Головкин-Альварес жекпе-жегі 2017 жылы болатын ең үздік сайыстарының қатарында

Головкин-Альварес жекпе-жегі 2017 жылы болатын ең үздік сайыстарының қатарында

Головкин-Альварес жекпе-жегі 2017 жылы болатын ең үздік сайыстарының қатарында
ашық дереккөзі
Worldboxingnews.net сайты 2017 жылы өтетін ең үздік деген сайыстарды атады. Олардың қатарына спортсүейр қауымның көптен күткен Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің кездесуі кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Головкин мен Альварес pound-for-pound дәрежесі бойынша үздік боксшылар саналады. Флойд Мэйвезер мен Менни Пакьяоға қарағанда, қарқынды түрде алға басу жағынан қалың көпшіліктің ықыласына бөленді. Головкин орта салмақта қос жұдырығы да күрзідей тиетін мықтылардың бірі болса, Канело бокс әлеміндегі комбинацияшылқ панчерлердің бірі. Головкин өзімен рингте кездескен боксшылардың барлығына тойтарыс беріп, қарсыластарын үздіксіз 23 рет нокаутқа түсірген нағыз мықтылардың бірі. Альварес болса 2013 жылы Мейвезерден ғана жеңілді. Алайда ол ешқашан нокаут алып көрмеген боксшы. Қазіргі таңда бұл кездесу бойынша болжам жасаған көпшілік Канеллоның жастығы мен қорғанысының мықтылығына қарамастан Головкиннің мерзімінен бұрын жеңетініне сенімді»,-деп жазады Sports.kz. Одан кейінгі үздік кездесулердің қатарында Эдриен Бронер - Адриан Гранадос, Энтони Джошуа - Владимир Кличко, Мэнни Пакьяо - Теренс Кроуфорд и Флойд Мейвезер - Конор МакГрегор жұптары тұр.