Ауғанстанда жер сілкінісінен 250 адам қаза болды
Ауғанстанда жер сілкінісінен 250 адам қаза болды
Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен 250 адам көз жұмып, 150-ге жуығы жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz.
Америка сейсмологтарының мәліметінше, 6,1 балдық жер сілкінісі таңсәріде 51 шақырым тереңдікте болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан қираған үйлерді, көшелерде шашылып жатқан сынықтар мен үйінділерді, зардап шеккен адамдарды көруге болады.
Жергілікті билік өкілі құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері елдің шекарасынан 500 шақырымнан астам қашықтықта сезілді. Соның ішінде Пәкістан мен Үндістан бар.
Сейсмологтар зілзала Ауғанстан астанасы Кабулда және Пәкістанның астанасы Исламабадта да байқалғанын айтады.