Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы тұрақталады
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы тұрақталады
Бүгін қалалық әкімдікте Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев отандық фармацевтикалық өндірушілер мен ҚР Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері әлеуметтік маңызды дәрілік препараттардың бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған меморандумға қол қойды. «Меніңше, меморандумға енгізілген дәрі-дәрмектің 200 түрі әлеуметтік маңызды болып табылады. Осылайша біз қала тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарамастан мемлекеттің халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге көңіл аударатыны аса маңызды. Бұл құжат біз үшін, қаламыз үшін және жалпы, халық үшін өте маңызды», - деді Ермек Аманшаев.