«Ол қазір тергеуде»: Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасалды (ВИДЕО)

«Ол қазір тергеуде»: Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасалды (ВИДЕО)

«Ол қазір тергеуде»: Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қазір қаңтар оқиғасына қатысты тергеуде. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Бірақ өзім көрмедім. Тергеу амалдары жүріп жатқанын білемін. Ол осында болуы керек», –  деді ҰҚК төрағасының орынбасары.
Айта кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамы қамауға алынған еді. Нақтырақ айтқанда, ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов, оның орынбасарлары –  Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Өсіпов. Олар қазір:
  • «Мемлекетке опасыздық жасау»;
  • «ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер»;
  • «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер»;
  • «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану»;
  • «Пара алу» атты қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр.