Студенттер қанша жалақы алғысы келеді?

Студенттер қанша жалақы алғысы келеді?

Студенттер қанша жалақы алғысы келеді?
ашық дереккөзі
Барша әлем студенттері ЖОО бітіргеннен кейін қанша айлық алғысы келетіндері жайлы ойларымен бөлісті. Қазақстандық студенттер де өз болжамдарын айтты. Cost of Talent зерттеуінде әлемнің 57 елінен техникалық және бизнес бағытындағы 580 мың студент сұралды.
Тұтастай студенттердің болжамы елдердің экономикалық дамуына сәйкес келеді. Мысалы, Швейцария студенттері оқу орнынан кейін жылына $79,4 алғылары келеді. Бұл үлкен көрсеткіш. Дания, АҚШ студенттері $57,9 және тиісінше $52,6 мың, ал Румыния мен Вьетнам жастары жылына $7,08 мың немесе $6,04 мың алғылары келеді. Бұл аз көрсеткіш, деп жазды РБК.
Ресей студенттері $10.1 мың, Болгария - - $10 мың, Румыния $8.1 мың. Салыстырмалы түрде Вьетнам студенттері жылына $10.2 мың болса, араб елдері ішінен Катар студенттердің ең жоғары болжамы $44 мың. Ең төмен мысырлықтар - небары $7.4 мың. Зерттеу жүргізген Un versum компаниясының деректеріне сәйкес күллі әлем бойынша әйелдерге қарағанда, ерлер көп ақша тапқысы келеді. Тек БАӘ, Марокко және Кенияда ғана бұл үдеріс керісінше.