Жұмағұлов UFC-дегі болашағы туралы айтты

Жұмағұлов UFC-дегі болашағы туралы айтты

Жұмағұлов UFC-дегі болашағы туралы айтты
ашық дереккөзі
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов «Вестник ММА» арнасына берген сұхбатында ол әлі де UFC ұйымының қатарында екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.  
«Келісімшарт бойынша тағы екі жекпе-жек бар. Жақында USADA-ға барып тексерілдім, бәрі дұрыс. Негізінде, бәрі жақсы, әлі қатардан шығара қойған жоқ. Мен әлі UFC файтерімін», – деді Жұмағұлов.
Еске салайық, Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC-дің 207 турнирінде Жалғас Жұмағұлов америкалық Джефф Молинадан ұтылды. Төрешілер қарсыласты жеңімпаз деп танып, жекпе-жектің шешімі үлкен дау тудырды. Айта кетсек, бүгінге дейін Жалғас UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, төртеуінде ұтылып, бір айқаста ғана қарсыластан басым түсті.