Жаңалықтар

Жұмағұлов UFC-дегі болашағы туралы айтты

ашық дереккөзі

Жұмағұлов UFC-дегі болашағы туралы айтты

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов «Вестник ММА» арнасына берген сұхбатында ол әлі де UFC ұйымының қатарында екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.   «Келісімшарт бойынша тағы екі жекпе-жек бар. Жақында USADA-ға барып тексерілдім, бәрі дұрыс. Негізінде, бәрі жақсы, әлі қатардан шығара қойған жоқ. Мен әлі UFC файтерімін», – деді Жұмағұлов. Еске салайық, Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC-дің 207 турнирінде Жалғас Жұмағұлов америкалық Джефф Молинадан ұтылды. Төрешілер қарсыласты жеңімпаз деп танып, жекпе-жектің шешімі үлкен дау тудырды. Айта кетсек, бүгінге дейін Жалғас UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, төртеуінде ұтылып, бір айқаста ғана қарсыластан басым түсті.