Жаңалықтар

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті

ашық дереккөзі

Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кетті деп хабарлады turkystan.kz.   Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.  «Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтарды бастан кешірдік. Карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті. Әріптестерге, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК және меншік иелері бірлестіктерінің төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысымды жеткіземін», – делінген жазбада.