«Билетті қымбатқа сатқан»: Алматыда 8 алыпсатар ұсталды

«Билетті қымбатқа сатқан»: Алматыда 8 алыпсатар ұсталды

«Билетті қымбатқа сатқан»: Алматыда 8 алыпсатар ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда темір жол билетін арзанға алып, жолаушыларға қымбатқа сату бойынша сегіз дерек тіркелді деп хабарлады turkystan.kz almaty.tv арнасына сілтеме жасап. Заң бұзғандарға айыппұл тосқауыл бола алмай тұр. Себебі, әкімшілік құқықбұзушылық үшін 15 мың теңге айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейін қамалады. Бұл алыпсатарлардан бөлек, «Алматы-1» темір жол стансасы төңірегінде тіркелген өзге де заңбұзушылықтар бар.
«Станса маңындағы тәртіпсіздіктерге қатысты 1 300-ден аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жол жүру билеттерін сатып алу қызметін ұсынған 8 адамның үстінен іс қозғалуда», – деп мәлімдеді «Алматы-1» желілік полиция басқармасының бөлім бастағы Жандар Әбдікапаров.
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы билет тапшылығын жою мақсатында бар мүмкіндік жасалып жатқанын айтты. Ол үшін қосымша пойыздар мен вагондар санын арттыру да қарастырылған екен.
«2019 жылдан бастап біз өзіміздің ресми сайтымызда арнайы портал енгіздік. Ол порталдың мақсаты – алыпсатарларға тосқауыл қою. Бұл сайтта бір адам өзінің жеке кабинеті арқылы санаулы билет ғана сатып ала алады. Қазір жазғы маусымда 158 бағыт бойынша пойыздар қатынап жүр. Оның ішінде 11 бағыт Алакөлге барады», – деді  «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.
Алакөлге барып демалатын қазақстандықтардың саны бұрынғыдан арта түспек. Себебі, Үшаралдағы әуежайдың ұшып-қону жолағы қайта жаңартылды. Әуежай 10 шілдеден бастап ұшақ қабылдай бастайды.