Астанада бір уақытта 500-ден астам адам йогамен айналысты

Астанада бір уақытта 500-ден астам адам йогамен айналысты

Астанада бір уақытта 500-ден астам адам йогамен айналысты
ашық дереккөзі
Қазақстан қалаларында бір уақытта VIIІ халықаралық йога күнінің (IDY 2022) ашылуы өтті деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігіне сайтына сілтеме жасап. Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығы Мәдениет және спорт министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен елордада йога күнінің ашылу салтанатын өткізді. Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шубхдаршини Трипати IDY 2022 «Адамзат үшін йога» тақырыбын сипаттай отырып, пандемия кезінде йога маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ, дипломат 8-ші Халықаралық йога күнімен құттықтады. Денсаулық сақтау министрі Ғиният Ажар Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пайдалы қарым-қатынасын атап өтті. Министр денсаулық сақтау саласының мамандары йога мен басқа да дәстүрлі тәжірибенің құндылығын көретінін айтты. ажар ғиният
«Йоганың маңыздылығы денсаулықты физикалық және психикалық деңгейде ұстап тұруға және нығайтуға бағытталған», – деді Ажар Ғиният.
Таңғы сағат 7:30-да қазақстандық шенеуніктер елордалық 500-ден аса тұрғынмен йога жаттығуын жасады. Үндістан елшілігінің мәліметінше, биыл еліміздің 21 қаласынан йога күніне 4-5 мың адам қатысқан. Сондай-ақ Үндістан үкіметінің «Guardian Yoga Ring» («Йога сақшысы» сақинасы) бастамасы бойынша Нұр-Сұлтанда IDY 2022 мерекесі Үндістанның Doordarshan ұлттық телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Айта кетсек, жыл сайын 21 маусымда Халықаралық йога күні атап өтіледі. йога