Атырауда 13 жастағы бала әкесінің көз алдында суға батып кетті

Атырауда 13 жастағы бала әкесінің көз алдында суға батып кетті

Атырауда 13 жастағы бала әкесінің көз алдында суға батып кетті
ашық дереккөзі
Атырауда әкесінің көз алдында суға батып кеткен 13 жасар баланың денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Atpress.kz сайтына сілтеме жасап. Жасөспірім 19 маусым күні сағат 14.00-де суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кетті. 13 жастағы бала әкесімен бірге суға түсуге барған. Олар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары. Баланың денесін іздеу екі күнге созылды. Индер ауданының 10-ға жуық тұрғыны төрт құтқарушымен бірге іздеуге көмектесті. Естеріңізге сала кетсек, Атырауда шомылу маусымы 15 маусымда басталды. Жыл басынан бері өңірде 9 адам суға батып кетті, оның үшеуі – бала.