25 тонна қарбыз тиелген жүк көлігі аударылып қалды (ВИДЕО)

25 тонна қарбыз тиелген жүк көлігі аударылып қалды (ВИДЕО)

25 тонна қарбыз тиелген жүк көлігі аударылып қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы тас жолда қарбызға толы жүк көлігі аударылып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, 28 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде 25 тонна қарбыз Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында шашылып қалды.
«Жүргізуші жеңіл дене жарақатын алды. Бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол жүрiсi ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік материал толтырылды», – деді ведомство өкілдері.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН (@dtp_sko)